30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

30-шы Орта Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» көрмесі

«ТАУ-КЕН АЛТЫН» АФФИНАЖ ЗАУЫТЫ – 10 ЖЫЛ МІНСІЗ ЖҰМЫС

Зауыттың 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара 13 шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басшысы Нұрлан Жақыповтың, «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бахыт Чирчикбаевтың және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтті.

17.07.23 mmca

2013 жылы «Тау-Кен Алтын» зауыты өзінің ең жоғары «төрт тоғыздық» сынамасының алғашқы құймасын  аффинаждады. Келесі 10 жыл ішінде кәсіпорын Ұлттық банкке 261 тоннадан астам алтын жеткізді. «Тау-Кен Алтын» жобалық қуатына 2019 жылғы қарашада шығарылды, осы жылдан бастап өндіріс жобалық көрсеткіштерден тұрақты түрде асып түсті – өткен жылдың қорытындысы бойынша 55,6 тонна алтын аффинаждалды.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Бахыт Чирчикбаев:

«Әрине әлемдік саяси ахуал, санкциялық қысым мен жеткізілімдер тізбегінің бұзылуы бүгінде белгілі бір ықпалға ие, алайда біз барлық тәуекелдерді азайту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты тұрақты түрде жоғары өндірістік көрсеткіштерді көрсетеді».

«Тау-Кен Алтында» пайдаланылатын аффинаж технологиясының ТМД аумағында баламасы жоқ және әлемдегі ең үздік технологиялардың бірі. Менеджмент жүйесі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Өзінің 10 жылдығы қарсаңында зауыт ISO 9001:2015 (сапаны басқару), ISO 14001:2015 (экологиялық аспектілер) және ISO 45001:2018 (денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі) сертификаттарын алды.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның директоры Асқар Тілеулин:

«Алдағы жоспарларда біз аффинаж өндірісінің қалдықтарынан қымбат металдарды шығаратын жаңа цехты іске қосамыз, келешекте басқа аффинаж кәсіпорындарына қызмет көрсетуге болады».

Зауытта 80 адам еңбек етеді, қорытушы, электролизші, аппаратшы сияқты барлық өндірушілер бейінді жоғары білімді, тұрақты оқытудан өтіп, біліктілігін үнемі арттырып отырады. 10 жылдық мерейтойына орай 5 зауытшы ІІ және ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы орденіне, тағы 9 ведомстволық және корпоративтік көтермелеуге ие болды.

Анықтама: «Тау-Кен Алтын» ЖШС – құрамында бағалы металдар бар шикізатты өңдеу және аффинаждау зауыты. Аффинаждық өндірістің негізгі міндеті – Қазақстанның алтын-валюта резервін толықтыру және құрамында бағалы металдар бар отандық шикізатты қайта өңдеу. «Тау-Кен Алтын» бағалы металдар нарығының Лондон қауымдастығының тізіміне енгізілген (London Bullion Market Association – LBMA) және сенімді өнім беруші – Good Delivery мәртебесіне ие.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның жалғыз қатысушысы – «Тау-Кен Самұрық» АҚ.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау, әзірлеу, өндіру, өңдеу және сату саласындағы жобаларды іске асырады, тау-кен металлургия өнеркәсібінде ғылымды қажетсінетін және тиімді технологияларды әзірлейді және енгізеді. «Тау-Кен Самұрық» «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді, «Glencore International» компаниясының серіктесі және «Қазцинк» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесі – 29,82 %.

 

«Тау-Кен Самұрық» АҚ-ның баспасөз қызметі

+7 (7172) 559-503

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

  • 585 қаралды