Құрметті көрме қатысушылары мен қонақтары!
«Атакент» ҚІЫО» АҚ атынан және жеке өз атымнан сіздерді салалық экспо-іс-шарада қарсы алғаныма қуаныштымын! Біздің көрме орталығымыз – бұл отандық және халықаралық компанияларды, түрлі салалардағы сарапшылар мен кәсіпқойларды біріктіретін Оңтүстік астанадағы жетекші алаң.
Қазақстандық «Iteca» көрме компаниясының көрмелері бірнеше жылдар бойы тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға арналған көрме алаңы ғана емес, бизнесті дамыту, серіктестік байланыстарды орнату және инновациялық шешімдерді ілгерілету үшін тиімді құрал болып келеді. Көрмеге қатысу компаниялар үшін өсуге жаңа мүмкіндіктер ашып, тұтынушыларды табуға және ынтымақтастық аясын кеңейтуге көмектеседі.
«Атакент» ҚІЫО» АҚ көрме индустриясын дамытуға ықпал етіп, ең жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасайтынына мақтанады. Биыл біз экспоненттер мен келушілер үшін қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында жалпы ауданы 3 800 шаршы метрді құрайтын жаңа павильондарды аштық. Павильондар ауқымды іс-шараларды өткізу үшін қажетті барлық заманауи техникалық құралдармен, тұрақ орындарымен және жұмысқа ыңғайлы жағдайлармен жабдықталған.
Көрме кешенінің инфрақұрылымын кеңейту көптеген елдерден қатысушыларды тартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Біз қатысушылардың көп бөлігі өз жобаларын таныстырып, бизнестің шекарасын кеңейте алатын алаң құруға ұмтыламыз.
Мен жаңа павильондардың еліміздің көрме индустриясын дамытудағы маңызды қадамға айналатынына, ал көрме аясындағы әрбір кездесу сіздерге жаңа идеялар, пайдалы таныстықтар және перспективалық келісімдер әкелетініне сенімдімін.
Барлық қатысушыларға табысты жұмыс, нәтижелі кездесулер және ең батыл мақсаттардың жүзеге асуын тілеймін. Сіздер үшін жаңа перспективалар мен өсу мүмкіндіктері ашылсын!