Mining and Metals Central Asia 2019 38%-ға ұлғайды
18-20 қыркүйекте Алматыда Мерейтойлық 25-ші Орта Азиялық «Тау–кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» – Mining and Metals Central Asia 2019 көрмесі және тақырыбы арнайы техникаға мен жол құрылысы жіне коммуналдық шаруашылық жабдығына арналған 16-шы Қазақстандық халықаралық Kazcomak 2019 көрмесі өтті.
Биылғы жылы Mining and Metals Central Asia көрмесі 37,8%-ға ұлғайды және тау-кен металлургия кешені үшін жабдықтар, технологиялар мен қызметтерге арналған 90 тақырыптық бөлімде әлемнің 31 елінің 326 компаниясы ұсыныстарымен таныстырды.
Ресми ашылу рәсіміне қатысқандар: Бақытжан Сәпиев - ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары, Нұрлан Саурамбаев – «Тау-Кен Самұрық» ҰК бизнесті дамыту жөніндегі Бас директоры, Төлеген Мұқанов - Республикалық тау-кен өндіруші және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының бірінші орынбасары, «Полиметалл Еуразия», «Қазақмыс», ERG Еуразиялық тобы, KAZ Minerals компанияларының, сондай-ақ салалық одақтар мен қауымдастықтардың топ менеджерлері.
«Бүгін Қазақстандағы тау-кен металлургиялық кешені - ол экономиканың ауқымды көлік-логистикалық, сервистік, қайта өңдеу инфрақұрылымы бар жүйеқұрушы саласы. Тау-кен металлургия саласы ЖІӨ-нің шамамен 7%-ын, өнеркәсіптік өндірістің 25%-ын және бүкіл экспорттың 24%-ын құрайды. Сала 800-ден астам кәсіпорындар мен 185 мың жұмыс орындарымен көрсетілген. Соңғы 10 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы аясында 120-ға жуық жоба пайдалануға ендірілді», - деп айтты Бақытжан Сәпиев.
Өз кезегінде Республикалық Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұқанов көрмеде Қауымдастық мүшелері әр қатысушымен кездесіп, технологияларды зерделеп, кездесулер ұйымдастыратынын атап өтті.
«Mining and Metals Central Asia 2019 аясында біздің нарығымызды қызықтыратын 16 канадалық компаниялармен, бірнеше француз кәсіпорындарымен кездесу өтті. Көрме әртүрлі елдер компаниялары арасында іскерлік қарым-қатынасты дамытуға үлкен үлес қосады. Mining and Metals Central Asia көрмесінің арқасында Қазақстанда тау-кен металлургия саласының бәсекеге қабілеттілігі артып келеді», - деп Төлеген Мұқанов көрме ашылуы кезінде айтты.
Ұлттық және ұжымдық стендтердің көрмелеріне қатысуы қатысушы елдер үкіметтерінің, сол немесе өзге ел аймақтарының Қазақстан нарығында дамудағы қызығушылығы бар екенін білдіреді. Осылайша, биылғы жылы 9 елдің көрмесінде ұлттық стендтері қойылды: Австрия, Германия, Канада, Қытай, Норвегия, Польша, Финляндия, Ұлыбритания және Үндістан.
Көшедегі экспозиция 25-ке жуық машина түрлерін таныстырған 20 қатысушымен қамтылған.
Биылғы жылы көрме қатысушылары мен қонақтары үшін ақпараттық іскерлік бағдарлама дайындалған болатын. Сала мамандары үшін 20 іс-шара ұйымдастырылған болатын.
Ресей мен Қазақстанда активтері бар бағалы металдарды өндіру бойынша көшбасшылардың бірі – «Полиметалл Евразия» компаниясының өкілдері өз еншілес кәсіпорындарының сатып алу қызметі туралы: «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Варваринское» АҚ және «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС. Рәсімдер мен талаптар» арнайы ұйымдастырылған семинарда сөз қозғады.
Ал «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы «Жасөспірімнен Чемпионға дейінгі жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Компания балғын компанияларды қолдау бағдарламасына бастамашылық етті және ілгерілетіп келеді және геологиялық барлау секторы мен металлургияның дамуына қуатты серпін беруге арналған тігінен біріктірілген құрылымды қалыптастыру бойынша жұмыс атқарады.
Ширек ғасыр ішінде көрмеге 7 мыңға жуық компания қатысты, 40 елден 50 мыңнан астам ТМК мамандары көрмеге барып қайтқан, 3 мыңнан астам келісімшарт жасасты. Көрмеге ұсынылған технологиялар Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінің кен орындары мен өндірістерінде әлдеқашан қолданыс тапқан.
Осы мерзім бойы Epiroc, Sandvik Mining and Construction Kazakhstan, ORIENTAL CO LTD, Outotec сияқты компаниялар саланың үздік дәстүрлеріне адал және жыл сайын Mining and Metals Central Asia көрмесіне қатысып келеді.
Көрме Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, ҚР Тау-кен өндіруші және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Қазгеология» АҚ, Алматы қаласы Әкімдігінің және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының қолдауымен өтеді.
Қазақстандық Iteca компаниясы халықаралық әріптестерімен іс-шара ұйымдастырушылары болып табылады: ITE Group (Ұлыбритания), GIMA (Германия), MetisEvents (Түркия), VISTA (Қытай), IEC Poland (Польша), ITE Eurasia (БАӘ).
- 2299 қаралды